$ 494.87  520.65  4.91

ШҰҒЫЛ: Қордай маңында автобус аударылып, 11 адам қаза тапты

Жамбыл облысында жолаушылары бар автобус жол апатына ұшырап, 11 адам қаза тапты деп хабарлайды Тengrinews.kz.

20 сәуірде таңғы шамамен 5.00-де Жамбыл облысы Қордай ауданында, Алматы - Ташкент автожолының 181-ші шақырымында Toyota маркалы көлік жол шетінде тұрған жүк көлігін соққан. Осы сәтте жолмен келе жатқан жолаушылар автобусы осы көліктермен соқтығысудан қашып, салдарынан жол шетіне шығып кетіп, аударылып қалған.

Оқиға орнында 8 адам қаза тапқан. Тағы 32 адам ауруханаға жеткізіліпті. Жансақтау бөлімінде 3 адамның қайтыс болғаны анықталды.

Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Б.Орынбеков, облыс прокуроры Ж.Құсайынов және облыстық полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылары келіп жеткен. 

Құтқару жұмыстарына 50 адам мен 15 техника жұмылдырылды. Олардың қатарында жедел жәрдем станциялары мен санавиацияның тікұшағы бар.

Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен шұғыл штаб құрылып, Төтенше жағдайлар департаментінде қауырт желі жұмыс істеп тұр. Қылмсытық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары