$ 444.22  476.38  4.82

Тіс жұлдырса, ораза бұзыла ма?

Рамазан айында аузы берік адам тіс жұлдыруға бола ма? Егер жұлдырған жағдайда ораза бұзыла ма? Бұл сұраққа fatua.kz сайты жауап берді.

«Тіс жұлдырған кезде тамаққа ештеңе өтпесе, ораза бұзылмайды. Бұған ханафи мәзһабына қатысты «Раддул мұхтар» атты кітабындағы мына сөз дәлел: «Тістерінің арасынан қан шығып, тамағына барса, яғни ішке өтпесе, ауызы ашылмайды. Бірақ тамақтан ішке өтсе де, қан түкіріктен басым не бірдей болса, немесе қанның дәмін сезсе, ораза бұзылады. Егер қан түкіріктен аз болса, ораза бұзылмайды»[1], –  деп жазылған. 

[1] «Радд әл-мұхтар» , 2/435-436. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары