Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


31.08.2017, 16:13

Астанадағы "Қосшы" мен "Лесная поляна" тұрғынүй алабына ауызсу тек 2 жылдан кейін тартылады

Астана іргесіндегі "Қосшы" мен "Лесная поляна" тұрғынүй алабының тұрғындары сапалы ауызсуға тек 2019 жылы ғана қол жеткізеді. Бұл туралы Целиноград аудандық ТКШ бөлімінің басшысы Мұрат Жаңабергенов мәлімдеді деп жазады informburo.kz.

Айта кетейік, бұған дейін атадған елдімекендердің тұрғындары "техникалық су" ішіп отырмыз деп шағымданған болатын. Алайда, Жаңабергенов мұның жалған ақпарат екенін айтып отыр.

Ауысуды елдімекендерге "Қосшы коммуналдық қызметі" компаниясы тасымалдайды екен. Коммуналды шаруашылық 7 мың тұрғынды тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отыр. Бірінші кезекте су көпқабатты үйлерге жеткізіледі. Ал, ТКШ болса тоқсан сайын тасымалданатын судың сапасын тексеріп отырады. Тексеру Астанадағы тәуелсіз зертханада жүргізіледі.

- "Техникалық су" деген түсінік мүлдем жоқ. Біздің жерастынан шыққан су резервуарларға жиналады. Ол жерде тазалаудан өтіп, елдімекенге жіберіледі. Су тасымалымен айналысатын мекеме тоқсан сайын оны тексерумен айналысып келеді. Судың құрамында қандай да бір артық қоспалар пайда болса дереу хабарланады және тазартылады. Біз суды сапасына баса мән береміз", - деді бөлім басшысы.

Оның айтуынша, елдімекендерді сумен қамту жобасына 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Оның 500 миллиондайы бүгінде игеріліп бітіпті. 2016 жылы 3 скважина бұрғыланған. Қазір қос ауыл 14 скважина мен 2 резервуардан су ішіп отыр.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.