Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


04.05.2017, 09:56

Қазақстандық оқушылардың үй тапсырмалары қысқартылатын болды

Lada.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен Республиканың мектептерінде үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар бекітілді деп хабарлайды Қазақпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылғы 24 сәуірде ҚР Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев № 182 бұйрығымен республиканың мектептерінде үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарды бекітті. Бұл ұсыныстардың негізін "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ өткен жылғы сәуірден желтоқсанға дейін іске асырылған жобасының нәтижелері құрады.

ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Ж.А.Жонтаева, басқарма басшысы Т.Ж.Жакенова, бас сарапшылар А.А.Кемалова және Б.А.Қабатовалардың жетекшілігімен жарты жыл бойы ұсыныстар ведомстволық бағынысты ұйымдармен, өңірлердің мектептерімен жан-жақты талқылаудан және ресми веб-сайттар арқылы дауыс беруден өтті.

Қазақстандық мектептердің тарихында алғаш рет бейінді ведомстволық деңгейде еліміздің оқушыларының үй тапсырмасын мөлшерлеу әдістемесін қамтитын құжат қабылданды. Біз Әдістемелік нұсқаулар оқушылардың оқу жүктемесін төмендететін, олардың өздік жұмысқа ынтасын және жалпы алғанда үлгерім сапасын арттыратын әрекетті құрал болады деп үміттенеміз.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.