03.09.2017, 11:04

Астанадағы қақтығысты күштік құрылымдардың қалай басып-жаншығанының видеосы пайда болды

Кеше кешке Астаналағы "Абу-Даби Плаза" кешенін салып жатқан Үндістан азаматтары мен Қазақстан азаматтарының арасында қақтығыс орын алған болатын. Тұрмыстық сипатта басталған төбелестің үлкен жанжалға ұласып кетпеуін көздеген құқық қорғаушылар оқиға орнына жиналғандарды күшпен ұстаған. Мұны әлеуметтік желілерде тараған видеоматериалдардан анық байқауға болады.

Еске салайық, аталған төбелестен кейін Үндістанның екі азаматы түрлі дене жарақаттарымен дәрігер көмегіне жүгінген. Ал, Есіл аудандық ІІБ-нің өкілдері 8 азаматты қамауға алғандарын айтып отыр. Олар жағдайды ушықтырмақ болған көрінеді.

Төбелестен кейін оқиға орнына Астана әкімі Әсет Исекешев пен бүкіл күштік құрылым өкілдері жетіп келіп, жиналған жұртты сабырға шақырды.

ЕСКЕРТУ: видеоматериалда бейәдеп сөздер бар

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.