$ 444.22  476.38  4.82

Алматының көлік жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілгелі жатыр

Алматыда көлік жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін азайту жоспарлануда. Бұл туралы, қаланың транспорттық жүйесін дамыту бойынша өткізілген кездесуде мәлім болды. Жол қозғалысын реттейтін жаңа құжатта басқа да мәселелер қарастырылған. Тың бағдарламамен жүргіншілердің, велосипедшілердің, мүмкіндігі шектеулі жандар одағының да өкілдері танысты.

Жаңа жүйені отандық компаниямен бірігіп неміс мамандары дайындаған. Жол қозғалысын реттейтін құжат, мегополис көшелерін кез келген санаттағы адамдарға ыңғайлы етіп жасауға бағытталған. Онда жүргіншілер мен велосипедшілерге, мүмкіндігі шектеулі жандардың көшеде оңай жүруіне көбірек назар қойылған. Бастамашылар, мұндай жаңашылдық қаланың транспорттық жүйесін оңтайландыруға септігін тигізеді деп отыр.  

«Ол жерде бізге құжаттар беріледі. Сол құжат арқылы қаланың қай жерлеріне біз веложол, жолайрықтар салу керек, кай жерлерде біз көліктің жылдамдығын бәсеңдетуіміз керек, қай жерде керісінше ұлғайтуымыз керек, қай жерлерге бағдаршамдар орнатуымыз керек деген тапсырмалар көрсетілген», - дейді Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов.

Мамандар аталмыш құжатты қабылдағаннан кейін, қаланың транспорттық жүйесі дұрыс жолға түседі деп отыр. Мәселен, Құрманғазы мен Шевченко көшелері дәл сол бағдарлама арқылы жасалған. Мұндағы веложолақ пен жүргіншілер жолы әлемдік стандарттарға сай. Мамандардың сөзінше, тәжірибе шетелден алынған. Ондағы жолдар осындай жүйе арқылы салынған.  

«Еуропада жол қозғалысын реттейтін құжат бұрыннан бар. Олар кез келген көшені осындай жүйе бойынша салады. Сіздерге көрші тұрған Ресейде қазір аталған бағдарлама бойынша жұмыс істеп жатыр. Менің ойымша, Алматы көшелерін осы құжат арқылы өзгертуге болады. Алғашқы жұмыстар басталыпта кетті. Енді тек, экология мәселесін шешсе болғаны», - дейді А+S компаниясы дамыту жөніндегі директоры Бёттгер Кристиан.

Жол қозғалысын реттейтін құжат бірнеше кезеңнен тұрады. Мамандар оның алғашқы қадамын жасапта үлгерген. Қалғаны 2023-ші жылға дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жиында Сейфуллин даңғылын оңтүстік бағытқа қарай Райымбек пен Сәтбаев аралығын біржақты қозғалыс ету ұсынылды. Сондай-ақ, Абылай хан даңғылы да солтүстік бағытқа қарай Райымбек пен Абай аралығы біржақты қозғалыс болады деп жоспарлануда.  

Айта кетейік, Алматының жол қозғалысын реттеу мәселесі «Алматы-2020» даму бағдарламасында көрсетілген. Қаладағы көлік кептелістерінің басты себебі – соңғы 3 жылда шаһарға автомобильдердің көптеп әкелінуінен делінген аталған бағдарламада. Мәселен, 2016 жылғы есеп бойынша, Алматының 1000 тұрғынына шаққана 375 автокөліктен келеді екен және бұл көрсеткіш жыл сайын 4 пайызға өсіп отырады. Осыны ескерсек, 2020 жылға қарай Алматыдағы көлік кептелісі проблемасы одан сайын шиеленісе түсуі мүмкін. Сондықтан, бұл тығырықтан шығу үшін «Алматы-2020» даму бағдарламасы аясында қала әкімдігі бірқатар жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, қосымша жолайрықтар мен айналма жолдар салу, метрополитен желісін кеңейтіп, қосымша станциялар салу, қоғамдық көліктердің санын арттырып, тұрғындардың сол қоғамдық көліктерге отырғызу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары