$ 498.34  519.72  4.85

Нұрлан Қоянбаев «Түнгі студиядан» және QAZAQSTAN арнасынан біржола кетті

Танымал әзілкеш, КВН жұлдызы Нұрлан Қоянбаев бұдан былай «Түнгі студия» бағдарламасын жүргізбейді. Бұл ақпаратты QAZAQSTAN РТРК басқарма төрағасы Ерлан Қарин Tengrinews.kz порталына растады.

«Біз қазір 1 наурызда басталатын жаңа маусымға дайындалып жатырмыз. Бағдарламалардың біразы жаңартылған форматта шығады. Мәселен, "Түнгі студия" жобасында жаңа жүргізуші болады. Бұл аяқасты қабылданған шешім емес. Нұрлан Қоянбаев өзінің шығармашылығымен айналысамын деп шешті. Біз мұны 2017 жылдың жазында талқылаған болатынбыз, ол телеарнадан уақытша кететінін айтты. Сол кезде біз Қоянбаев "Түнгі студияны" жыл соңына дейін жүргізіп береді деп келістік. Енді аталған тележоба жаңа форматта шығады», - деді Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, «Түнгі студияның» жаңартылған нұсқасы көрермендерге ұнауы тиіс. Ал, оның жаңа жүргізушісінің есімі жақын уақытта белгілі болады.

Ерлан Қарин сондай-ақ, Қоянбаевтың телеарнадағы қызметінен де кеткенін мәлімдеді. QAZAQSTAN арнасында ол бас продюсер лауазымын атқарып келген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары