$ 443.35  475.54  4.82

Маңғыстауда 8 жасар баланы ұрлап, ата-анасынан 1 миллион теңге талап еткен

Маңғыстауда ер азамат 8 жасар баланы ұрлап кеткен. Ол баланың ата-анасынан 1 миллион теңге талап етіпті. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді.

"Сенбі күні жергілікті тұрғындардың бірі ұлын белгісіз ер адамның ұрлап кеткенін және оны қайтару үшін 1 миллион теңге талап еткенін айтып шағымданды", - деді А.Сәдубаев.

Маңғыстау облыстық ІІД-нің полицейлері шұғыл тергеу тобын құрып, күдіктіні ізін суытпай қолға түсірген. Бала аман-есен ата-анасына қайтарылды. Оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары