$ 449.3  489.69  4.89

«Кімді алдап жүр?» Дәурен мен Ақбота ауызашарда бірге отырған суреттерін жариялады

«Айрылыстық» деп жаһанға жар сап жүрген жұлдызды жұп ауызашар дастарханында ұсталып қалды. Олардың осынау сәттегі суретін белгілі продюсер Ерік Тәстембеков желіге жариялады.

«Бәрі жақсы» деп жазба қалдырған продюсердің суретіне жұрт жапа-тармағай пікір жазып, Ақбота мен Дәуреннің ара-қатынастарын сұрап жатыр.

«Айрылысып кеткендері қайда? Кімді алдап жүр?», «Тоқал ыстық болады ғой. Кете алмай жүрген шығар», «Әдемі жұп. Жақсы жарасасыздар. Бақытты болыңыздар», – деп жазды олар.

Айта кетейік, Айдарқұлов пен Сейтмағанбетова «Гламур для дур» фильмінен кейін бір-біріне ғашық боп, махаббат хикаясын бастап кешірген еді. Ақбота ұлан асыр той жасамаса да, мешітке барып, Алланың алдында некелерін қидырғанын айтқан.  Қазір олардың ортақ некелерінен 1 ұл бала бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары