$ 498.34  519.72  4.85

"Намыс қайда?": Алтынай Жорабаева аралас некені қолдаған Алагөзованы орнына қойды

Эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева "Махаббат ұлт таңдамайды" деп аралас некені қолдап шыққан Баян Алагөзованы орнына қойды. 5 қыз тәрбиелеп отырған аяулы ана қазақ қыздарын намысты болуға, арын былғап, өзге ұлтқа етегін ашпауға шақырды.

“Алла сақтай гөр! Намыс қайда?! Алла бетін аулақ қылсын. Өнер адамдарының осыны қолдағандары жағаны ұстатты: “Киімін киюге, теxнологиясын пайдалануға болады да, тұрмысқа шығуға болмайды ма? Жүрекке әмір жүрмейді” деген не сөз? Ол жүректің дұрыс әмір беруі үшін, ұлтымыз, дінімізді құрметтеу, сүю дегенді ата-ана санаға құю керек қой. Сүюдің жағдайы осылай екен деп, дінді сатып бетімен кету емес қой. Басқа ұлтқа құрметпен қара, сыйлау керек, өйткені біздің атамыз қазақ қонақты сыйлап, төрге отырғызған дұрыс. Бірақ оған қаныңды араластырып, тегіңді былғау деген емес қой, айналайын-ау”, – деп жазды әнші өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Баян Алагөзова бұған дейін "Махаббат ұлтқа қарамайды. Мен өзге ұлтқа тұрмысқа шығуға қарсы емеспін және қолдап та тұрған жоқпын. Бірақ маған махаббат маңызды. Махаббат ғана әйелді бақытты етеді. Ол сол сүйген адамынан ғана бала сүйгісі келеді", - деп өзінің жеке пікірін желідегі парақшасына жазған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары