$ 448.56  478.03  4.79

Өскеменде дәрігер ер адамға жүкті деген диагноз қойды

Өскеменде нефролог-дәрігер науқастың іші оның жүктілік мерзіміне байланысты үлкейген деп тұжырымдама берген. Бұл туралы Устинка LIVE жазады.

Ер адамның туыстарының айтуынша, ол іші ауырғандықтан ауруханаға тексерілуге барған. Алайда, дәрігер аурудың көптеген белгілерімен қатар, науқастың жүкті екенін көрсетіпті. Бұған дейін ер адамның денсаулығына қатысты шағымы болмапты. Бірақ бұл жағдайдан кейін ол абдырап қалған.

Бұл клеңсіздіздікті ол үйіне келгенде байқаған. Ал емхана қызметкерлері тұжырымдамада ер адамның іші үлкейгенімен қатар, жүктілік мерзіміне байланысты оның сәбидің қозғалысын сезе бастағанын да жазған.

Осыған сәйкес, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасындағылар мұндай жағдайдың қалай орын алғанын анықтауға уәде берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары