$ 444.22  476.38  4.82

Бекболат Тілеухан тыйым салынған затты пайдалану кезінде көзге түсті (ФОТО)

Мәжілістің бірқатар депутаттары бұйрықтарға бағынбайтын секілді. Кеше Парламент пен үкіметтің бірлескен отырысына келген халық қалаулылары жиын басталмастан бұрын смартфон пайдаланып, осыдан бірнеше ай бұрын күшіне енген бұйрықты елеген жоқ.

Жиын басталмастан бұрын гаджеттерін парақтап, смартфон экранына үңілгендердің қатарында Майра Айсина, Артур Платонов, Бекболат Тілеухан, Азат Перуашев, Зәуреш Аманжола сынды депутаттармен бірге, Ерлан Сағадиев және Ерлан Ыдырысов секілді министрлер де болды.

Естеріңізде болса, биыл 23 наурыздан бастап мемлекеттік орган ғимараттарына смартфон мен планшет алып кіруге тыйым салатын бұйрық шыққан болатын. Бұл ішкі ереже мемлекеттік құпия құжаттардың жиі жарияланып кетуінен кейін қабылданған еді. Аталған құжатқа сәйкес, бірде-бір мемлекеттік орган ғимаратына смартфон мен планшет, гаджеттер, тіпті смарт-сағат алып кіруге де болмайды. Ал, депутаттар мен министрлер мұндай ереженің барын біле тұра Парламент ғимаратына еш кедергісіз смартфондарын алып келді. Алып келіп, қалтасына тығып ұстаса да мейлі, бір-бірімен ақпарат бөлісіп, БАҚ өкілдерінің алдында ашық пайдаланды.

Біз тақырыпта Бекболат Тілеуханды бекерден-бекер ерекшелеп отырғанымыз жоқ. Өйткені, соңғы сайлаудан кейін ол "Нұр Отан" партиясы атынан Мәжіліс құрамына кіргенде, бөркін аспанға атып қуанбаған қазақ аз еді. Кезінде ұлттық мәселелерді жиі көтеріп, халықтың ықыласына бөленген депутаттан сайлаушылары бұл жолы да үлкен істерді күткен. Бірақ, ол кешегі жер мәселесінен кейін өзін мемлекеттің адамымын деп сұхбат беріп, біраз қазақтың көңілінен қалғандай әсер қалдырды. Енді сол мемлекет бекіткен ережені бұзып, тағы да көзге түсіп отыр. Жалпы, соңғы бірер айдан бері Б.Тілеуханды қырсық шыр айналдырғандай... Мейлі, кімнің адамы болса да мына елге депутат ретінде бір пайдасын тигізсе болғаны.

ФОТО: NewTimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары