$ 443.35  475.54  4.82

Маңғыстау тұрғыны 83 келі марихуанамен қолға түсті

Маңғыстаулық полицейлер 83 келі марихуанамен Сайын Шапағатов ауылының тұрғынын қолға түсірді.

Түпқараған ауданында өткен жедел іздестіру барысында қызметтік ит құрылысы аяқталмаған сарай жанында тұрған адамнан есірткі иісін сезіп қалады. Тінту кезінде күдіктінің қалтасынан ішінде марихуана бар сіріңке қорабы табылды. Артынша осы жерден бірнеше қапшыққа салынған анашаның жасырылғаны анықталды. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Маңғыстау облыстық ІІД тергеу басқармасы бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жалғастыруда. Қазіргі таңда күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау абақтысына қамалды», – облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Ибадуллаева.

Дереккөз: 24.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары