$ 443.85  474.3  4.8

Отандық өндірушілер үшін тағы 30 мемлекеттің нарығы ашылады деп күтілуде

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы мен «ҚазАгро» ұлттық холдингі арасында ынтымақтастық орнатылды. Қазақстандық азық-түлік өндірушілердің Парсы шығанағы, Африка және Орта Азияның 30-дан астам елдің нарығына шығуы үшін алдағы уақытта екі ұйымның ынтымақтастығы қамтамасыз етуі мүмкін.

«ҚазАгро» АҚ хабарлағандай, екіжақты құжат ынтымақтастықтың келісілген бағыттары бойынша мәнді жұмысты болжайтынын атап өту қажет. Мысалы, Қазақстанның АӨК инвестициялар бөлігінде бірлескен қызмет жоспарланады, ол экспортқа бағдарланған ауылшаруашылық жобаларын қаржыландырумен, тікелей инвестициялар қорының құралдары арқылы тікелей шетелдік инвестициялар тартумен, аграрлық саладағы жобаларды қаржыландыру үшін қаржы өнімдері мен исламдық қаржыландыру әдіснамасын әзірлеумен, сондай-ақ кейіннен АӨК саласында инновацияларды енгізу арқылы технологиялардың трансфертімен байланысты.

Қазақстандық экспортты қолдау ісінде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы сауда операцияларын кеңейту, Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерде ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісі және жеткізу үшін пайдаланылуы мүмкін қайтадан енгізілген суармалы жерлерді қоса алғандағы республиканың экономикалық әлеуетінің картасын әзірлеуге көмек көрсету болжанады. Бұдан басқа, АҚИҰ және «ҚазАгро» Ислам ынтымақтастығы ұйымының азық-түлік тауарларының көздері-елдерінің картасына Қазақстанды енгізуге көмектесу жөнінде келісті.

Ұйым мүше-елдердің ауыл шаруашылығын, азық-түлік қауіпсіздігін тиімді дамыту, биотехнологияларды дамыту, шөлдену, эрозия және топырақтың тұздануынан туындаған проблемаларды шешу бойынша техникалық дайындықты қамтамасыз етеді. Ұйым азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін резервтер құру арқылы төтенше және гуманитарлық көмек көрсете алады. Ұйымға 31 ел кіреді.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтің Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің сыртық істер министрлерінің 38-ші сессиясы барысында айтқан бастамасы бойынша құрылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары