$ 444.22  476.38  4.82

«Макулатура өткізіп, орманды қорғауға атсалыс!»

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мемлекеттік қызметкерлері табиғатты қорғауға өз үлестерін қосады.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы «Даму» бастауыш партия ұйымы және «LS Astana» ЖШС экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Экологиялық мәселелерді шешуде материалдарды қайта өндеу (қағаз, картон) және жинауды ұйымдастыруда ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастық құруды көздейтін құжатқа ҚР ИДМ жауапты хатшысы, «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы «Даму» бастауыш ұйымының төрағасы Замир Сағынов, «LS Astana» ЖШС директоры Сәуле Тәжібаева қол қойды.

Осы мақсатта «Transport Tower» әкімшілік ғимаратының әрбір қабатына макулатура жинайтын арнайы контейнерлер қойылды. «LS Astana» ЖШС қайта өңделген өнімдерден түскен қаржыны жетім балаларға және көпбалалы отбасылардың балаларына, зейнеткерлер мен мүгедектерге демеушілік  немесе қайырымдылық көмек ретінде беруге міндеттеме алды.

Жиналған барлық ескі газет, журналдар және пайдаланылған қағаз өнімдері қайта өңдеуге жіберіледі. Осы арқылы орман ағаштарын тиімді пайдаланып, жаппай кесуден сақтауға болады. Экологтардың мәліметтеріне сүйенсек, 1 тонна макулатура 30 адамға қажетті оттегін бөлетін 10 талды кесуден сақтап қалады екен. Сондай-ақ, 1000 кВт электр энергиясын және 20000 литр тұщы суды үнемдейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары