$ 445.66  474.58  4.78

2016 жылдың 6 айында жалпы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 25,8%-ға өсті

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жалпы тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 25,8%-ға өсіп, 9,3 млрд. долларды құрады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұл инвестициялардың 60%-ға жуығы кен өндіру өнеркәсібі, 15%-ы - өңдеу өнеркәсібі, 9%-ы - сауда және 5%-ы - құрылыс салаларына тиесілі (12% - басқа салалар). 

Өңдеу өнеркәсібіне тікелей шетелдік инвестициялар өткен жылғы деңгейде тартылды. Бұл салаға салынған инвестициялардың 88%-ын құрайтын металлургия өнеркәсібі 26,5%-ға өсті. Бұдан басқа өңдеу өнеркәсібінің негізгі салалары - химия өнеркәсібінде 8,4 есе және фармацевтика өнеркәсібінде 4,2 есе өсім байқалды.

«2010 жылға дейін тікелей шетелдік инвестициялардың басым бөлігі, яғни үштен екісі (2/3) кен өндіру өнеркәсібіне тартылып келген болса, Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру мерзімінде өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар үлесі 1,5 есеге өскенін атап айтқан жөн (9%-дан 15%-ға дейін)» - деп атап өтті ҚР Инвестициялар және даму министрі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары