$ 443.44  480.51  4.88

Жыл басынан бері 417 жолаушының билетсіз жүргені анықталды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті мен оның аумақтық органдары Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес, теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде.

2016 жылы 9 айда теміржол көлігінде өз қызметін жүзеге асыратын 159 кәсіпорынға тексеру жүргізілді. Тексеріс барысында теміржол көлігі қызметін реттейтін 2701 нормативтік-құқықтық актілер талабын бұзу дерегі анықталды. Оның нәтижесінде  анықталған  бұзу деректерін  жою туралы 108 нұсқау берілді.

Қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіргендіктен 169 бірлік теміржол желісін, 2635 бірлік жылжымалы теміржол құрамын пайдалануға тыйым салынды. Сондай-ақ, 160 жолаушы пойызы тексеріліп, 417 жолаушының жол жүру құжатынсыз (билетсіз) жүргені және 0,646 тонна рәсімделмеген багажды алып жүруі анықталды. 2016 жылдың басынан 660 әкімшілік іс рәсімделіп, 27 724 566 теңге сомасына айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының   «Теміржол көлігі туралы» Заңының 14-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, уәкілетті орган қозғалыс қауіпсіздігі талабын бұзу дерегі туралы статистикалық ақпарат әзірлейді.

2016 жылы 9 айда  қозғалыс қауіпсіздігін бұзуға қатысты 688 оқиға тіркелді  (2015 жылы 622), оның ішінде: пойыздардың аударылуына қатысты 5 жағдай (2015 жылы 5), 1 апатты жағдай (2015 жылы 1), 44 (2015 жылы 45) ақаудың ерекше түрі, 221 (2015 жылы 194) ақау, 219 (2015 жылы 212) жұмыстағы қиындық және 198 (2015 жылы 165) басқа бұзу дерегі анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары