$ 441.66  475.14  4.86

Биыл қазақстандықтар 665 млн. долларға 34,6 мың жаңа жеңіл автокөлік сатып алды

Қазақстанның «ҚазАвтоПром» автокөлік саласы кәсіпорындары Одағы жаңа жеңіл және коммерциялық жеңіл автокөліктер нарығына қатысушылардың 2016 жылдың 10 айындағы жұмыс нәтижелері туралы хабарлайды.

2016 жылы ресми дилерлер әсіресе қазан айында  көлікті көп сатқан. Осы айдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар еліміздегі автоорталықтардан 3 826 жаңа жеңіл және коммерциялық жеңіл автокөлік сатып алған. Бұл биылғы қыркүйек айындағы нәтижеден (3203 бірлік) 19,5%  көп. 2015 жылдың осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғандағы сатылым деңгейінің төмендеу қарқыны 47,6% баяулады. Биылғы жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша ресми дилерлер 34 581 жеңіл және коммерциялық жеңіл автокөлік сатылған. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда (82 204 бірлік)  58% төмен.Биылғы жылдың 10 айындағы нәтиже бойынша 8199 сатып алушы қазақстандық зауыттардың өнімін таңдаған.

Жеңіл автокөліктер арасында Toyota Camry седан көшбастап тұр (2 553 бірлік.). Алғашқы бестіктің үш позициясын Lada моделі иеленп отыр. Екінші қатарда седан Lada Priora (2269 бірлік.), үшіншіге Lada 4x4 (1 685 бірлік.)  жайғасты. Танымалдылығы жағынан RenaultDuster (1502 бірлік.) төртінші болды. Қаңтар-қазан айларындағы көрсеткіш бойынша 1394 сатып алушысымен Lada Granta TOP-5 аяқтайды.

Тұтынушыларға ұнаған алғашқы ондыққа кіретін моделдердің арасында Volkswagen Polo (1360 бірлік.), Hyundai Accent (1356 бірлік.), KIA Rio (1088 бірлік.), Renault Sandero (1080 бірлік.) и Toyota Land Cruiser Prado (1028 бірлік.) автокөліктері бар.

Қазақстан нарығында ірі диллерлік топ мәртебесін «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» холдингі ұстап тұр. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша барлық жаңа жеңіл автокөлік сатып алушылардың таңдауы осы компанияның ұсыныстарына тоқтаған. Нарықтың 16,7% өтімі «Astana Motors» компаниясына тиесілі. Қазақстандық авторетейл бестігіне «Вираж» (доля – 8%), «Mercur Auto» (5,1%) и «Aster Auto»(3,6%) компаниялары еніп отыр.

«ҚазАвтоПром» Қазақстан автомобиль салысы кәсіпорындары Одағының басқарма төрағасы ОЛЕГ АЛФЁРОВ:

«2016 жылдың басынан бастап қазақстандық авторетейл ай сайын 3 мыңнан астам автомобиль өткізіп, тұрақты көрсеткішті көрсетіп отыр. Қазан айында диллерлер үздік нәтижеге қол жеткізді. Қазіргі уақытта нарықтың тоқыраудан өсімге бет алғанын айтуға болады».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары