$ 441.44  473.09  4.75

«Түркістан және Елбасы» көрмесі ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысының ғана емес, күллі түркі елінің рухани астанасы саналған Түркістанда Тұңғыш Президент күніне арналып, көрме ашылды. Мемлекетіміздің Тәуелсіздік алған жылдарындағы жетістіктерін Елбасының еңбегімен байланыстырған суреттер көпшіліктің назарын аудартты.

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында ашылған көрме «Түркістан және Елбасы» деп аталды. Экспозицияда қорық-мұражай қорынан мерекелі күннің маңызын аша түсетін 50-ден астам жәдігерлер қойылған.

Көрменің ашылу салтанатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Ж.Әубәкір, қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төраға міндетін атқарушы С.Қарпықбаев, ақсақалдар алқасының мүшесі Б.Мұсабеков құттықтау сөз сөйлеп, жұртшылықты мерекемен құттықтады.

Шара барысында сөз алған қала әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тарих сахнасында көреген саясат жүргізе отырып, солтүстіктегі Ресей, шығыстағы Қытай, батыстағы Еуропа елдерінің, мұхит асып АҚШ басшыларымен иығы тең дәрежеде келіссөз жүргізе білгендігін бүгінде әлем мойындап отырғанын жеткізді.

«2010 жылы Астанада өткен саммит ырымға нанған халыққа Саммит пен Саммитталарды сыйға берді» - деді Ғ.Рысбеков.

Өз кезегімен сөз алған сала басшылары мен көнекөз қариялар Тәуелсіз мемлекетіміздің елдігін нығайта түсу жолында жұмыла жұдырық болып, бірлесе белестерді бағындыруға атсалысамыз деп атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары