$ 441.44  473.09  4.75

Тұңғыш президент күні туған сәбилерге сый-сияпат жасалды

Елімізде туылған әрбір бесінші нәресте – оңтүстікке тиесілі. Биыл да күнгей жұрты көш бастап тұр. ОҚО Мақтарал ауданында Тұңғыш Президент күні туған сәбилердің аналарына құрмет көрсетілді. Жергілікті билік Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында дүние есігін ашқан нәрестелерге кәдесыйлар үлестірді.

Мақталы аймақ – түстік өңірдің халқы тығыз орналасқан өңірі. «Бір қозы артық туса, бір түп жусан артық шығады». Азаттықтың ақ таңы атқан Ел тәуелсіздігінің 25-ші қысында, мамыражай заманда дүние есігін ашқан бұл нәрестелер бақытты», - деді шараны ұйымдастырушылар.

Қазіргі таңда өмірге келген сәбиді перзентханадан шықпай тұрып, балабақша кезегіне қоюға болады. Қуанышты сәтте аудан билігі осыны жас босанған аналардың құлағына салды. Бүгінде еліміздің әрбір перзентханасында  дүние жүзі ұйымының денсаулық сақтау бағдарламалары жүзеге асып келеді. Бұл бағдарлама – ана мен балаға барлық жағдайды жасауға арналған. Өз сөзінде кешегі күннің ерекшелігі мен бүгінгі күннің озық тұстарын саралап өткен аудан әкімі Ғалымжан Исмаилов аналарды сәйкес келген қос мерекемен құттықтады.

Ғалымжан Исмаилов, Мақтарал ауданының әкімі:

-Үлкен қуаныш! Қос мерекеде, саяси салмағы басым айтулы датада перзенттеріңіз осы дүние есігін ашты. Тәуелсіз елдің арқа сүйер азаматтары боп өседі деген сенімдемін. Ғұмыр жастары ұзақ болсын! Аяулы аналар, тағы да мерекелеріңізбен!

Осындай құрмет Оңтүстіктің өзге де Сарыағаш, Қазығұрт, Түлкібас сынды аудандарында көрсетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары