$ 443.85  474.3  4.8

Президент Түркістанға 13 рет келген

Тұңғыш Президент күні мерекесін түркістандықтар да ерекше атап өтті. Мерекелік шара Түркістан қаласындағы сазды драма теарында ұйымдастырылды.

Театр әртістері қойылым қойып, Елбасының билікке келгендегі көңілін, жүрегінде беймәлім күймен арпалысқан кездерін сәтті сахналады. Көпшілікке ерекше әсер қалдырған көрініс жиылған жұртқа тұщымды ой сала білді. Бұдан соң Елбасы жайында арнайы әзірленген фильм көрсетіліп, ұлт көшбасшысының әндері шырқалды. Өз кезегінде сөз алған қала басшысы жиылған қауымды қатар келген қос бірдей мереке – Тұңғыш Президент күнімен және Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.

«Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының толассыз еңбегі мен көреген де сарабдал саясатының арқасында ғасырда жасалатын ғаламат жобалар 25 жылда жүзеге асты. Халық пен мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту сіздер мен біздер үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе деп есептеймін. Елбасымыз ата-бабаларымыздың Тәуелсіздік туралы ғасырлар бойғы армандарын ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар, мемлекет басшысың тарих үшін қысқа мерзімде Қазақстанның жаңа астанасын салып, шығыс пен батыстың мәдениетін үйлестірген бірегей орталыққа айналдырды. Орайы келгенде айта кетерлігі, Елбасы мен Түркістанды егіз ұғым дер едік. Өйткені «Қазақстанның рухани орталығы» деп, мемлекет басшысының өзі атап өткендей Түркістан қаласы Президентіміздің назарынан бір сәтке де тыс қалған емес», - деді қала әкімі Ә.Өсербаев.

Айтып өтейік, Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасы Түркістанға 13 рет келіп, 6 мемлекеттің Президенттерін рухани астанада қабылдады. Президент әрдайым өлкенің қасиетін тілге тиек етіп отырады. Түркістанды түлетуге деген ықыласы да ерекше. Соның бір дәлелі – Тәуелсіздігімізбен қатар бой көтерген Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. Қазіргі таңда бұл білім ордасы Түркістанды түркі әлемінің орталықтарына айналдырып отырған сиқы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары