$ 441.44  473.09  4.75

Қайырымдылықтың қайырымы мол

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстанның атымтай жомарттары әлеуметтік тұрмысы төмен және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқорлық акциясын өткізді.

Қайырымдылық – адам баласы бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал оны жасау қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу адамның адаматтық парызы. Әрине, қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беру жомарттықтың белгісі және ондай іс тек жомарт жандардың қолынан келері анық. Қашан да алған қолдан, берген қол қайырлы. 

Осы мақсатта, Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласының басшысы М.Қадырбектің бекіткен іс-шарасына сәйкес, Қожатоғай ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық жасау – ізгі қасиет» атты акциясы өтті. Жақсы іске жанашыр ізгі ниетті, ақ тілеулі ел ағалары әлеуметтік жағдайы төмен жандарға көмір, отын, қыс айларына жететін ет, күріш, ұн, макарон, қант, картоп, сәбіз, пияз секілді тұрмысқа қажетті заттарды молынан үлестірді.

«Мақтану емес, шараның негізгі мақсаты елімізде қиын-қыстау кезеңдерде де халыққа тіреу болата алатын азаматтардың бар екендігіне көз жеткізу. Еліміз бай, жұрт арасында жағдайы мықты кәсіпкерлеріміз көп. Өздері бастамашылық жасап, жұртты ойлаған азаматтарға тек алғыс білдіреміз»,-дейді Арыс қаласы әкімі аппаратының ұжымы.

Айтып өтейік, игі шара алдағы уақытта та да жалғаса беретін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары