$ 443.72  482.28  4.9

«Атамекен» патриоттық әндер байқауы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсаңында күнгейдегі Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылы Шаштөбе жалпы орта мектебінде «Атамекен» патриоттық ән байқауы өтті.

Байқау шарты қатаң. Үміткерлер екі кезең бойынша бақ сынады. Патриоттық  және еркін тақырыптағы әндер орындалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сайыс мәдени қызмет ету, жастарға патриоттық тәрбие беру, олардың отаншылдық сезімдерін арттыру мақсатында өткізіліп отыр.

Байқау үміткерлері Муниса Тойметова, Элнара Абдужамидова, Нурали Сатиболдиев және Барчиной Бабажанованың орындауында «Атамекен», «Қазақтай ел қайда», «Отан», «Қазақ елім» атты әндерді шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Кішкентай бүлдіршін Ислам Мирзахановтың орындауындағы «Жас түлектер әні» көрермендерге көтеріңкі көңіл- күй сыйлады. 

Шара соңында әділ қазылар алқасының анықтауымен байқау жеңімпаздарын ауыл әкімінің дипломымен марапаттады. Бас жүлдені «Балапан» бөбекжай балабақшасының музыка жетекшісі Нурали Сатиболдиева жеңіп алса, бірінші орын Элнара Абдумажидоваға бұйырды. Екінші орынды клубтағы ән үйірмесінің қатысушысы Барчиной Бабажанова иеленсе, үшінші орынды Малохат Мадмусаева місе тұтты. Сондай-ақ, «Ең жас әнші» номинациясын төрт жастағы Ислам Мирзаханов жеңіп алды. Патриаоттық ән байқауы әсерлі әрі қызықты болып өтті.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысында «25 жұлдызды күн» акциясы өтіп жатыр. 21 қарашада басталған шара 15 желтоқсанда соңына жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары