$ 444.14  477.05  4.85

«Бір халық – бір ел – бір тағдыр»

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданында осындай атаумен мәдени іс-шара болып өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жүзеге асқан шарада түрлі этнос орталықтарының ұлттық дәстүрі мен ас мәзірі жиылған жұрттың назарына ұсынылды.

Түлкібас аудандық білім бөлімінің, мәдениет және тілдерді дамыту және "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Тастұмсық ауылдық округіне қарасты Лермонтов атындағы жалпы орта мектебінде өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектаева қатысты. Халықты Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, еліміздің 25 жылда жеткен жетістікері мен толағай табыстарын, бағындырған белестерін айтып өтті.

«Толеранттылықты ту еткен Мемлекет басшысының арқасында елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті тіршілік етіп жатыр. Соның арқасында халық арасында бөліну жоқ. Бір шаңырақ астында тоғысқан тағдырлар бір-біріне шынайы бауыр, қиын кезеңде бір нанды үзіп жеген ет жақын туыстардай болып кеткен. Мақтанып айтуға болады, Түлкібас ауданының белді азаматы болған С.Терещенконы танымайтын қазақстандық жоқ. Себебі, ол осы ауданнан шыққан тұңғыш Үкімет басшысы. Енді оның ізін жалғап, талай жас өсіп келеді. Барлығы да елдің елеуле азаматы, ертеңіне сенім артар үлгілі ұлы болатынына үмітпен қараймын! Тәуелсіздік бізге жеңісті ғана жазған жоқ, бір идеяға тағдыры тоғысқан, ұстанымы да бір, көзқарасы да бір ел болуды жазған Мәңгілік елдің ұрпақтарымызғ тағы да мерекелеріңізбен!», - деді ауданы әкімінің орынбасары Ж.Бектаева.

Шарада славян, өзбек, түрік этномәдени орталықтарының өнерпаз жастары халық алдында түрлі ұлт өкілдерінің билерін, әндерін, өлеңдерін айтып концерттік бағдарлама құрды. Дастарханға қойылған өзге ұлт өкілдерінің тағамдарынан түрлі дәмдер ұсынылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары