$ 443.85  474.3  4.8

Сурет салуға шебер тәуелсіз елдің ұрпақтары басқосты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ОҚО, Ордабасы ауданы жастары арасында «Тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты суретшілер байқауы өтті. Оған 14 пен 29 жас аралығындағы қылқалам шеберлері қатысты.

Өнерлі өрендер еліміздің егемендігін қағаз бетінде бейнелеп, көпшіліктің назарына ұсынды. 38 үміткер өз туындысын бәйгеге қосып, қазылар алқасының төрелігіне жүгінді. Байқау нәтижесінде "Батсу" негізгі орта мектебінің оқушысы Н.Жақсылықова бас жүлдені иеленіп, "Кәусар" гимназиясынан Қ.Ерболатұлы - І, Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектеп оқушысы Д.Нұртаев - ІІ, Амангелді жалпы орта мектебінен Ж.Сайлаубек ІІІ орынды өзара бөлісті. 

Аудандық Жастар орталығының директоры М.Сайлыбаев байқауға қатысушыларға ерекше ризашылығын білдірді. Қазақстанның Тәуелсіздігі – баға жетпес байлығы екенін айта келе, жастарды жақсылыққа үндеді.

Жүлдегерлерге аудан әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табыстады. Дәл осы күні Шымкентте Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында иран этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні аталып өтті. Облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-да өткен іс-шарада ұлттық тағамдар және қолөнер бұйымдарының көрмесі көпшіліктің назарына қойылды. Облыстық ассамблея хатшылығының инспекторы Ұлжан Айтубаева барша қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, қоғамдық келісім мен тұрақтылық – біздің басты ұстанымымыз болуы тиіс екендігін айтып өтті.

Өз кезегінде облыстық иран этномәдени бірлестігінің төрағасы Нұрысбек Капар-Пур Қазақстанда әрбір этностың өз тілі мен мәдениетін сақтауына және дамытуына барлық жағдай жасалғанына ризашылығын білдірді. Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласып, елдің ынтымағы мен бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары