$ 444.22  476.38  4.82

Кентауда қала күні мерекесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Кентау қаласы 61 жылдық мерекесін атап өтті. Апта бойы өткен іс-шаралар барысында велошеру мен жүгіру марафоны ұйымдастырылды. Ащысай ауылында күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен ауылдық клуб пен спорт кешені ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Алдағы уақытта қос нысанда түрлі үйірмелер жұмыс жасап, спорттық мәдени көпшілік іс шаралар өтетін болады.

Ал, сенбіде кентаулықтар қала күні мерекесі таңертеңнен бастап атап өтті. Ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, шаруа қожалықтардың өнімдерін арзан бағада тұтынушыларға ұсынды. Жергілікті кәсіпкерлерде өндіріп жатқан өнімдерін көрмеге қойды.

Қала күніне арналған салтанатты іс-шаралар Ынтымақ алаңында өтті. Жастар қазақ күресі, арқан тарту, кір тасын көтеру, тоғызқұмалақ, шахмат, қол күресі секілді спорттық жарыстардан бақ сынады.

Сәні мен салтанаты жарасқан сахнада қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев қала тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтады. Қалаға еңбегі сіңген біршама азаматтарға «Кентау қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Кентаудың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан жандар «Қала жанашыры» төсбелгісіне ие болды. Қызмет бабында үздік болғандар қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Кентаудың тарихы, бүгіні мен ертеңі жайында өткен шығарма және бейнесюжет байқауының жеңімпаздары анықталды.

Орталық алаңда орналасқан жеті киіз үйде ас беріліп, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Кешкісін қала тұрғындары мен қонақтар гала концертті тамашалады. Өнерпаз жастардың орындауындағы әсем әндердің барлығыда Кентаудың құрметіне арналды.

Мерейтойға арналған іс-шаралар қалаға қарасты ауладарда да жоғары деңгейде аталып өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары