$ 447.4  477.55  4.76

Ащысайда қос нысан пайдалануға берілді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және қала күні мерекесінің қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылдық клубы ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Салтанатты жиын барысында сөз алған қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев көпшілікті мерекемен құттықтады. Қала тарихы Ащысайдан басталатындығын айтып, қаланың бой көтеруіне мұндағы еңбек адамдарының қосқан үлестерінің көп екендігін жеткізді.

Көпшілік жөндеуден өтіп, жаңарған клубты аралап көрді. Үлкен залдағы концертті тамашалады. Клуб ғимаратында кітапхана, ардагерлер кеңесі, жастар орталығы орналасқан.

Ауыл жастарының спортпен шұғылдануына жағдай жасау мақсатында ауылдағы спорт кешені де ағымдағы жөндеуден өтті. Бұл нысанда қала күні мерекесінің қарсаңында жергілікті тұрғындардың игілініе берілді.
Алдағы уақытта қос нысанда түрлі үйірмелер жұмыс жасап, спорттық мәдени көпшілік іс шаралар өтетін болады.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтеріп, пайдалануға беріліп жатыр. Олардың қатарында мектептер мен балабақшалар және денсаулық сақтау нысандары бар. Сонымен қатар, күні кеше Түркістанда 264 отбасыға арнап салынған тұрғын үй пайдалануға берілсе, Созақта тағы 50 отбасы баспаналы болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары