$ 443.85  474.3  4.8

«Мектеп - жарқын болашақтың айнасы, шәкірт – келешектің тұтқасы»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы негізгі орта мектебінде ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына орай «Мектеп - жарқын болашақтың айнасы, шәкірт – келешектің тұтқасы» тақырыбымен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының аудандық  әдістемелік семинары өткізілді.

Семинардың  мақсаты: ұлы ағартушы – Ы.Алтынсариннің 175 жылдығы, ұлылар ұлағатын  үлгі еткен, білікті ұстаздар мен білімді оқушылар Ыбырай әлемін асқақтатып, шығармаларын талдап, өлеңдерін оқуға және тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында тарихи білімдерін толықтыруға, елжандылыққа, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға негізделген.

Семинар мақсатына сәйкес бағдарлама түзіліп, «Еркіндігім-елдігім, Тәуелсіздік-теңдігім», «Кел, балалар оқылық!», «Тәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығым!», «Балалар – әдебиетінің атасы» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өткізіліп, сабақтар барысында Ы.Алтынсариннің өмір жолына шолу жасап, шығармалары мен аудармаларынан көріністер көрсетілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мәнін тереңірек ашып көрсету мақсатында «Тәуелсіздік-тұғырым» атты видеоролик көрсетілді. Семинар соңы «Мұғалім ісі- тарихтағы ең ұлы істің бірі» атты мерекелік іс-шараға ұласып, Ы.Алтынсариннің «Кел балалар оқылық» әнімен басталды. 3-5 сынып оқушылары Ы.Алтынсариннің өлеңдерінен әдеби-монтаж жасап, мектептің ірге тасын қалаған және Ы.Алтынсарин есімін қойған Ә.Патсахановтың өмір жолынан үзінді бейне көріністер көрсетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары