$ 444.22  476.38  4.82

Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктер

Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында Қазақстанның ширек ғасырда жеткен жетістіктері насихатталды. Аудан орталығына Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Қырықбаев Мекенхан Қозыханұлы, Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік педагогика институтының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, лектор  Айтай Бахадүр Сатыбалдыұлы келіп, Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері 25 жылда елімізде қол жеткен жетістіктерді, оң көрсеткіштерді, оның ішінде облыстағы, аудандағы, елді мекендегі оң өзгерістерді әрбір тұрғынға жеткізу  мақсатында аудан тұрғындарымен кездесті.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында маңызды тарихи, жалпы мемлекеттік және идеялық мәнге ие екендігін ескере отырып, облыс тұрғындарына мерекелік шаралар ұйымдастыру арқылы жалпыұлттық бірліктің, татулық пен келісімді қамтамасыз етудің қазақстандық моделін, Мемлекет басшысының Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасуындағы рөлін, жалпыәлемдік және өңірлік проблемаларды шешудегі бастамаларын насихаттау басты назарда болды.

Сонымен қатар, семинарға аудан әкімдігінің дербес бөлім басшылары, ауылдық округі әкімдері, мектеп директорлары, аудандық, ауылдық округтердің, елді мекендердің ақпараттық-насихаттық топтарының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Семинарды қорытындылай келе, аудан әкімінің орынбасары А.Темір сөз алып,бірінші кезекте Тәуелсіздік жылдары атқарылатын жұмыстарды насихаттауға жан-жақты жұмылуымыз керектігін,  елімізде Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерді насихаттау, түсіндіру, жүзеге асыру жалпы қоғамға жүктелген міндет екенін айтып өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары