$ 448.56  478.03  4.79

Тағлымы мол көрме

Облыстық тарихи-өлкетану музейi ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай «Ұлы дала елi – Тәуелсiздiктiң  25 негiзi» атты жұлдызды күндер аясында  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi – Елбасының жаһандық бастамалары» атты көрме өткiздi. Көрмеге ҚР Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан  Назарбаевтың түрлi халықаралық форум, саммит, конференция кездерiнде және әлем елдерiнiң көшбасшыларымен өткен кездесулерiнде түсiрiлген фотосуреттерi қойылды. Сонымен қатар, Елбасының жеке заттары – шапаны, өз қолымен жазған Алғыс хаты, кiтаптары бар.

Iс-шарада облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов, «Нұр Отан» ХДП Әл-Фараби аудандық филиалының төрайымы  Баян Есiмова, Әл-Фараби ауданы әкiмiнiң орынбасары Марат Тәжiбаев, ақын Қабылбек Төретай, ҚР Қорғаныс министрлiгiне қарасты әскери-техникалық мектебiнiң полковнигi Серiкбай Онбаев сөз сөйлеп, Елбасының саясаты арқасында елiмiз жеткен жетiстiктер туралы айтты. Тағлымды шараға мәдениет және өнер мекемелерiнiң басшылары, қызметкерлерi, №6698 әскери бөлiмiнiң сарбаздары, студенттер мен қала тұрғындары қатысты.

Айта кетейік, «25 жұлдызды күн» акциясы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде ондаған іс-шара өтіп үлгерді. Олардың қатарында әдеби және рухани кештер, мерекелік концерттер, спорттық жарыстар және қолөнер шеберлерінің, суретшілердің көрмелері бар. Аталған акцияның өзі 15 желтоқсанға дейін жалғасатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары