$ 444.22  476.38  4.82

Шеберлер Шымкентте бас қосты

Шымкенттiң әл-Фараби атындағы орталық алаңында ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай қолөнер шеберлерiнiң жәрмеңкесi өттi. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан шеберлер жасаған бұйымдарды қызықтауға жиналған жұрт аз болмады. Өйткенi, мұнда халық арасынан шыққан нағыз iсмер, қолөнер шеберлерiнiң туындылары қойылған едi. Жәрмеңкеге қойылған құрақ көрпе, кiлем, алаша, сырмақ, киiз, былғары өнiмдерi, гобелендер, әртүрлi формада басылған киiз байпақтарды дүкен сөрелерiнен кездестiре алмайсыз.

Осыдан 30 жыл бұрын руханият жанашыры Өзбекәлi Жәнiбеков: «Шеберлер оқу орындарында арнайы дайындалмайды. Мұны тек қана ұстаздың басшылығымен халықтық негiзде дамыту керек» деген екен. Шымкентте өткен қолөнершiлер жәрмеңкесiнде «ұстаздың басшылығымен халықтық негiзде» дайындалған дүниелер қойылыпты. Оған жалпы бұқаралық сипат беру – кезек күттiрмес мәселенiң бiрi.

Мәселен, Бейiсбековтер отбасының өзiнен жәрмеңкеге 8 шебер қатысты. Раушан Бапанова, Бибiажар Симова, Бауыржан Тұрғанбаев, Берiк Бейiсбеков, Ләйлә Дүйсебекованың қолдарынан шыққан керемет қолөнер туындылары асыл өнердiң әлi де болса халық арасында екенiне көз жеткiзе түседi.

— Әлемге әйгiлi Третьяков галереясында қызмет ететiн өнертанушы Анастасия Некрасова арнайы келiп, қазақы кiлем тоқуды үйренiп кеттi. Қоспасыз табиғи өнiмдерiмiзге тәнтi болған қонағымыз ендi тағы бiр айға келiп, алаша тоқуды да меңгермекшi, —  дейдi Шымкент қаласындағы 112-шi орамда 700 шаршы метр аумақта орналасқан жекеменшiк галереясы бар Болат Бейiсбеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары