$ 444.22  476.38  4.82

«Нұротандықтар» марапатталды

Мереке қарсаңында көшбасшы партияның бiр топ мүшелерi марапатталды. «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесiнiң меңгерушiсi Б.Құлжанов, партияның Шардара аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары М.Нұрманов «Белсендi қызметi үшiн» омырау белгiсiн тақса, Бәйдiбек аудандық партия филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Т.Дүйсенбековке «ҚР Тәуелсiздiгiне – 25 жыл» мерекелiк медалi тапсырылды. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бiрiншi орынбасарының Құрмет грамотасына көшбасшы партияның Шымкент қалалық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Ө.Мелдеханов, «Мичурин Экспорт» ЖШС-нiң директоры Қ.Үсенбеков, жеке кәсiпкер М.Рысбеков, «Сарыағаш жер сыйы» ЖШС-нiң директоры Т.Шынтасов, партия белсендiсi Қ.Сманова, Кентау қалалық мәслихатының хатшысы Т.Балабиев, Арыс қалалық стоматология емханасының меңгерушiсi Ә.Сәлiмбеков ие болды.

Тәуелсiздiк жылдары iшiнде жемiстi еңбек еткен марапат иелерiн «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Жантөреева құттықтады.

Айта кетейік, мерейлі мереке қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар ел азаматтары өңірге сіңірген еңбегі үшін түрлі наградалармен марапатталды. Олардың қатарында депутаттар, дәрігерлер, мұғалімдер, БАҚ өкілдері және қоғам белсенділері бар. Сонымен қатар, ішкі істер органдарының қызметкерлері, құтқарушылар, мемлекеттік қызметкерлер де жоғары марапаттарға лайықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары