$ 445.66  474.58  4.78

«Тәуелсiздiк және сот билiгi»

Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай облыстық соттың ұйымдастыруымен «Тәуелсiздiк және сот билiгi» тақырыбында ғылыми-тәжiрибелiк конференция өттi. Оның жұмысына облыстық соттың төрағасы Н.Шәрiпов, аудандық, қалалық соттың төрағалары мен судьялары, жоғары оқу орнының жетекшiлерi, студенттер және БАҚ өкiлдерi қатысты.

Конференцияны Нұрсерiк Кәрiмұлы ашып, Қазақстанның ширек ғасырда қол жеткiзген экономикалық, саяси және әлеуметтiк жетiстiктерiн атап өттi.

– Тәуелсiз мемлекеттiң барлық жетiстiктерi мен жеңiстерi Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендiгi мен кемеңгерлiгiнiң арқасында мүмкiн болды. Ел Конституциясы мен басқа да заңдар халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн сот жүйесiн қалыптастырды. Соттардың iзденiстi жұмысының нәтижесiнде түрмеде отырғандар саны едәуiр азайды. Елiмiз 1991 жылы түрмеде отырғандардың коэффициентi бойынша әлемде үшiншi орында болса, биыл Қазақстан аталған көрсеткiш бойынша 62-орынға төмендедi. Ғаламдық бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнiң «Соттардың тәуелсiздiгi» индикаторы бойынша республика 68-орынға ие болып, соңғы 6 жылда 43 позицияға жоғарылады, – деген төраға талқыға салынғалы отырған тақырыптың маңыздылығына тоқталып, конференция қатысушыларына жұмыстарының жемiстi болуын тiледi.+

Конференция жұмысы үш бағытта өрбiп, онда заңгер-ғалымдар мен судьялар, сонымен қатар жоғары оқу орнының магистранттары мен студенттерi Тәуелсiздiктiң 25 жылдығы мен сот-құқықтық реформалардың дамуы туралы келелi баяндамалар жасады. Баяндамада тәуелсiз Қазақстанның қалыптасуы мен ондағы Елбасының рөлiне ерекше мән берiлдi. Сондай-ақ, сот билiгiнiң даму кезеңдерi мен сот органдарының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы, жаңа формациядағы кадрларды iрiктеу, соның iшiнде болашақ заңгерлерге дуальдi бiлiм беру мәселелерi де назардан тыс қалған жоқ.

Конференция қорытындысында Елбасының тәуелсiздiктi нығайту және елiмiздiң халықаралық аренадағы беделiн арттыру, елiмiздiң сот жүйесiн одан әрi жетiлдiру бағытындағы жұмыстарға қолдау көрсету туралы қарар қабылданды.

«Оңтүстік Қазақстан»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары