$ 448.15  483.46  4.86

Мейiрiмдi жастар – ел болашағы!

Биыл ел Тәуелсiздiгiне 25 жыл толды. Ширек ғасырда Қазақстан Еуразия құрлығындағы қарқынды дамып келе жатқан мемлекетке айналды. Бүгiнде ел Үкiметi халықтың әлсiз топтарына, тағдырдың тауқыметiнен түрлi қиындықтарға тап болған отбасылар мен мүгедек жандарға ұдайы көмек көрсетуде. Әлеуметтiк және қайырымдылық қорларына мемлекет тарапынан қолдау жасалуда. Солардың бiрi - Шымкенттегi «Жiгер» қоғамдық қоры.

«Жiгер» қоғамдық бiрлестiгi психоневрологиялық ақауы және тiрек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар 1,5 мен 18 жас аралығындағы балалар мен олардың отбасыларына медициналық, педагогикалық, тұрмыстық, құқықтық, психологиялық, әлеуметтiк, мәдени және басқа да бiрнеше қызмет түрлерi бойынша көмек көрсетедi. Қоғамдық қорда тәжiрибелi қызметкерлермен қатар бiлiмдi жастар да  қызмет етедi.

Қазiргi таңда қордың қарауында 120-дан аса мүмкiндiгi шектеулi бала бар. Әр балаға қамқорлық жасау, сапалы көмек көрсету қордың басты мiндетi болып табылады. Балаларды бассейнге шомылдыру, иппотерапия, емдiк массаж жасау, мерекелiк iс-шаралар мен цирк қойылымдарына апару және туған күн иелерiн құттықтау арқылы қызметкерлер тек балаларға ғана емес, олардың отбасыларына да қуаныш сыйлайды. Балалардың көздерiнен шаттық көре отырып, олардың өмiрге деген құштарлығын арттыру – қор төрайымы мен онда қызмет ететiн адамдардың басты мақсаты. 

Мүмкiндiгi шектеулi балалармен жұмыс iстеу – жауапкершiлiктi талап ететiн әрi сауабы мол қызмет. Елiмiзде осындай қоғамдық қорлар көбейсе, олардың жемiстi еңбегiнiң нәтижесiнде мүгедек балалар саны азаяды деген сенiм бар.

Марианна АШИМОВА, «Жiгер» ҚБ-нiң әлеуметтiк қызметкерi.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Алдыңғы жаңалық
Жұлдызды 25 күн