$ 448.15  483.46  4.86

Ұла дала елі — тәуелсіздіктің 25 негізі

Өңiрiмiзде «Ұлы дала елi – Тәуелсiздiктiң 25 негiзi» атты жұлдызды 25 күн акциясы жалғасуда. Осыған орай облыстық опера және балет театрында облыстық iшкi саясат басқармасы мен Шымкент қалалық әкiмдiгiнiң ұйымдастыруымен «Мемлекеттiк тiл — тәуелсiздiк тiрегi» атты форум өттi.

Жиынға зиялы қауым өкiлдерi мен мемлекеттiк қызметкерлер, кәсiпкерлер, этномәдени бiрлестiктердiң төрағалары, белсендi жастар мен БАҚ өкiлдерi қатысты. Форумда Шымкент қалалық  мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы М. Базарқұлов сөз сөйледi. БАҚ арқылы өз жұмысын мемлекеттiк тiлде насихаттап жүрген  мамандар, қазақша үйренiп,  түрлi байқауларда жеңiмпаз атанған өзге ұлт жастары марапатқа ие болды.  Белсендi жастарға қазақтың ұлттық аспабы домбыра мен Алғыс хат табысталды.

«Форумның мақсаты – мемлекеттiк тiлдiң кеңiнен қолданылуын насихаттау, тiл — татулық пен достықтың тетiгi, халықты бiрiктiрудiң маңызды факторы екенiн ұғындыру» дейдi ұйымдастырушылар.

Қоғамдық көлiктердегi көрнекi ақпарат

Шымкент қалалық әкiмдiгiнiң мәжiлiс залында «Қоғамдық орындар мен көлiктердегi тiл мәдениетi: атқарылған  iстер  мен  өзектi мәселелердi шешудiң жолдары» тақырыбында семинар-кеңес өттi.  Iс-шара облыстық iшкi саясат басқармасы мен Шымкент қалалық әкiмдiгi ұйымдастырды.

Жиынды қала әкiмiнiң орынбасары Қ.Нұртай жүргiздi. Облыстық тiлдердi дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қ.Ағабеков баяндама жасады. Семинар-кеңеске қатысушылар қала көшелерiнiң жаңа атаулары мен қоғамдық көлiктерде, халыққа қызмет көрсетуге арналған  көпшiлiк орындардағы көрнекi ақпараттарда кездесетiн стилистикалық, орфографиялық қателердi ретке келтiру туралы ұсыныстарын айтты. Тақырыпқа байланысты өзектi мәселелердi талқылап, пiкiр алмасты. Семинар «Мемлекеттiк тiл --- тәуелсiздiк тiрегi» форумы аясында өттi.

Құжаттарды  сауатты толтыруды үйрендi

Шымкент қаласындағы №6 кәсiптiк колледжiнде «Iсқағазды сауатты жүргiзу --- мемлекеттiк тiл мәртебесi» шеберлiк сағаты өттi.

Тiлдердi оқыту орталығының мамандары қатысушыларға пунктуациялық ережелер мен термин сөздердi сауатты жазу бойынша сабақ үйреттi. Оған қаладағы кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң, кәсiптiк-техникалық оқу орындарының мамандары мен iсқағаз жүргiзушiлерi қатысып, құжаттарды қазақша сауатты толтыруды үйрендi. «Iс-шараның мақсаты --- мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, маңызы мен мәртебесiн арттыру, iсқағаздарын сауатты толтыруды насихаттау» дейдi әдiстемелiк көмек берушiлер.

Акцияға үн қосты

Қазығұрт. «Ұлы дала елi – Тәуелсiздiктiң 25 негiзi» атты iс-шара аясында ауданда мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге арналған жиындар, акциялар өттi. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нiң ұйымдастыруымен Қарабау, Қызылқия ауылдық округтерiнде Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай 16 жасқа толған азаматтарға жеке куәлiгiн табыс ету шарасы ұйымдастырылды.

Жиында әдiлет органдарының қызметкерлерi елiмiздiң жас азаматтарына отаншыл, еңбекқор болу жөнiнде мiндет жүктедi. Сондай-ақ, ауданның түкпiр-түкпiрiнде «Айбарлы Ата заң» тақырыбы бойынша мектептерде ашық сабақ өткiзiлсе, «Мемлекеттiк шекара», «Мемлекеттiк тiл» күндерi де аталып өтiлдi.

«Ана тiлiң — арың бұл»

Кентау. «Жұлдызды 25 күн» акциясы аясында «Мемлекеттiк тiл» күнiне орай Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Ана тiлiң — арың бұл» атты «дөңгелек үстел» мәжiлiсi өттi. Басқосуға қала әкiмi аппаратының басшысы Б.Әлiмбетов, қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы И.Жұмабаев, «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының орынбасары С.Асылбеков, ақсақалдар мен зиялы қауым өкiлдерi және студенттер қатысты.

Жиында қазақ тiлiнiң мәртебесiн көтеру, оның өзге диаспора өкiлдерiнiң жан-жақты игеруiне ықпал ету және мемлекеттiк тiлдi халықтар достығының басты құралы ретiнде дамыту мәселесi сөз болды.

Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту бағытында 25 жылда бiршама жұмыс атқарылған. Ол жұмыстар туралы «Қазақ тiлi» қоғамының мүшесi А.Байсымақ айтып өтсе, қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы И.Жұмабаев жас ұрпақтың бойына отансүйгiштiк сезiмiн оятып, ана тiлге құрметпен қарау керектiгiн жеткiздi. Жиында дарынды жастар мен колледж студенттерi мемлекеттiк тiлге арналған өлеңдерiн оқыды.

Сонымен қатар, кентаулық оқушылар мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге арналған iс-шараларға атсалысып, «Елбасы жолы» фильмiн тамашалады. Қаладағы Әл-Фараби атындағы №14 жалпы орта мектебiнде «Тәуелсiз Қазақстанның шекараларын айқындаудағы Елбасының рөлi» атты ұстаздар мен оқушылар арасында ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Әскерге аттанды

Түлкiбас. Ауданда «Жұлдызды 25 күн» акциясы аясында «Тәуелсiздiк жетiстiктерi» тақырыбында iс-шара өттi. Онда түлкiбастықтардың 25 жылда әрбiр сала бойынша жеткен жетiстiктерi таныстырылды. Iс-шарада аудан әкiмi Ә.Тұрғымбеков жұртшылықты мерекемен құттықтады.

Ал, Т.Рысқұлов ауылындағы  мәдениет сарайында ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай «Мен Отанымды қорғаймын» атты iс-шара өттi. «Мемлекеттiк шекара» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған жиында түлкiбастықтар аудан жастарын әскерге шығарып салды.

Iс-шарада аудан әкiмiнiң орынбасары Ж. Бектаева, аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнiң басшысы А.Түсiпбеков, аудандық ауған соғысы ардагерлерiнiң төрағасы В.Коробейников сөз сөйлеп, әскерге бару әрбiр азаматтың мiндетi екенiн жеткiздi.  Әскерге аттанып бара жатқан болашақ жас сарбаздарға Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарыңдар деген тiлектерiн айтты. Салтанатты кеште жiгiттерге естелiк сыйлықтар табыс етiлiп, концерттiк бағдарлама ұсынылды.

Ерекше еңбек мерекесi

Сайрам. «Жұлдызды 25 күн» аясындағы мерекелiк шара ауданның Қайнарбұлақ ауылдық округiндегi Қасымбек датқа елдi мекенiнде өттi. Кәсiпкер Сихымбай Сағындықов ауылдың жас спортшыларына арнап шағын футбол алаңын сыйға тартты. Айта кету керек, С.Сағындықов осыдан 2 жыл бұрын  туған ауылына өз қаражатымен балабақша салып берген-дi.

Аудан әкiмi С.Сапарбаев кәсiпкерге алғысын бiлдiрдi. Бұл күнi Қасымбек датқа ауылында аудан әкiмi бастаған және аудандық мәслихаттың 24 депутаты қостаған ерекше еңбек мерекесi өттi. Аудан әкiмi мен халық қалаулылары 25 түрлi сәндiк ағаш көшетiн отырғызып, көпшiлiктiң батасын алды. Жалпы, еңбек мерекесiнде аталған округте 1000 түп ағаш көшетi отырғызылды.

«Оңтүстік Қазақстан»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары