Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төлеби ауданы Ленгер қаласы 1 мөлтек ауданында «Өңірлерді дамыту-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай 8 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Аудан әкімі Бұхарбай Парманов жер қазу жұмыстары басталғалы бұл үлкен істің басында болып, жіті бақылауында ұстауда.
Ленгер қаласы 1 мөлтек ауданындағы 60 пәтерлі 5 қабатты 8 тұрғын үйдің құрылысының конкурстық құны 2 735 406,084 мың теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге биылғы жылға облыстық бюджеттен әр үйге 5000,0 мың теңге жалпы 40000,0 мың теңге қаралып отыр.
Мемлекеттік сатып алу басқармасында өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде 8 үйдің мердігерлері мен инжинирингтік қызмет көрсетуші мекемелер анықталып, бөлім тарапынан келісім-шарт түзу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнде, нысандар құрылысын жүргізу үшін облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан рұқсат қағаз алынып, үйлердің жер қазу жұмыстарының қайта нығыздау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының бірнеше аудан-қаласында көпқабатты үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Олардың көбі Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында пайдалануға беріледі.