$ 498.34  519.72  4.85

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай атқырылып жатқан игі іс

Оңтүстік Қазақстан облысында игілікті іс-шаралар легі жалғасуда. Барлығы да ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы үшін.

Мәселен, облыстағы таулы аудандардың бірі саналатын Төлеби ауданында жергілікті билік өкілдері кезекті ілкімді істі бастап отыр. Атап айтқанда, 50 жылдан бері жаңартылмаған электр бағаналары мен жөндеу жұмыстары жүргізілмеген электр желілерінің мәселесі шешіліп жатыр. Инвестициялық жоспарға сәйкес, Төлеби аудандық «Оңтүстік-Жарық» ЖШС-і мекемесі  Аққұм ауылдық округіне қарасты Аққұм ауылындағы Қапал батыр көшесінің жоғарғы жағы және Ақдала, Жалғызағаш, Наурыз көшелері бойындағы,  аумағы 8,2 шақырым болатын жердегі 150 бағананы ауыстыру, әр 45 метр арақашықтық сайын трансформатор орнату және электр желілеріне толық  жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Осы орнатылып жатқан жаңа бағаналар арқылы шамамен 170 отбасы электр жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай атқырылып жатқан бұл игі іске ауыл тұрғындары өте қуанып, алғыстарын білдіріп жатыр. Күн демей түн демей жұмыс жасаған мекеме жұмысшыларына ризашылықтарын білдіру мақсатында тұрғындар өз қаржылары есебінен, түскі және кешкі астарын ұйымдастырып беруде. Тұрғындардың ұйымдастырған бұл жылы лебіздерін қабыл алып, жұмысшылар жақсы көңіл-күймен жұмыс жасауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары