$ 498.34  519.72  4.85

Балаларға арналған мейрам

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында өткізіліп жатқан игі іс-шаралардың қатары артуда. Күні кеше Төлеби ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету мақсатында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарап отыр.

Іс-шара аудан орталығындағы «Ғарыш» кинотеатрында Төлеби аудандық «Саябақтары» КММ-і мен аудандық мүмкіндігі шектеулі балалардың күндізгі жартылайстационары «Демеу» қорымен бірлесіп өткізілді.

Ән шырқалып, би биленді. Леңгер қаласының әкімі С.Байымбетов пен осы шараны қаржыландырған азаматшаның анасы, тыл ардагері, көп балалы ана Маллаханова Ирисой балаларды, қонақтарды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін айтты.

Мереке өте қызықты және емін-еркін ашық-жарқын өтті. Балаларға қонаққа мултьфильмдерден кейіпкерлер келіп, бірге би билеп, ән айтып, суретке түсті. Іс-шараның соңында кейіпкерлер балаларға сыйлықтар табыстап, саябақтағы аттракциондарда серуендеуге шақырды.

Жалпы, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысында көптеген қайырымдылық шараларының жүріп жатқаны белгілі. Бұған дейін өңірдегі қайырымдылық қорларының бірі мұқтаж жандарға тегін көмір таратып жүргенін де хабарлаған болатынбыз. Аталған акция барысында 700-ден астам отбасыға 2 тоннадан көмір түсірілген еді. Дәл осындай қайырымдылықпен Шымкент қаласындағы Қаратау аудандық әкімдігінің басшылары да айналысты. Олар ауданға қарасты аумақта өсіп, қурап қалған ағаштарды кесіп, отын ретінде мұқтаж жандарға таратып берген болатын.

Сонымен қатар, Түлкібас ауданында жуырда ғана мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнап бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде, арбаға таңылған азаматтар тұрақты жұмыс тауып, өздігінше табыс табуға кірісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары