$ 498.34  519.72  4.85

Тәуелсіздіктің 25 жылында ОҚО-да газбен қамтылған халық саны 57,2 пайызға жеткен

Соңғы 25 жылда Оңтүстк Қазақстан облысында көгілдір отынмен қамтылған халық саны екі есеге дейін өскен. Яғни, 1990 жылы 931 795 тұрғынның газға қолжетімділігі болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 1 млн 6,9 мың адамға жеткен.

Жалпы облыс көлеміндегі 847 елдімекеннің тек 90-да ғана көгілдір отын болған болса, араға 25 жыл салып олардың саны 268-ге жетіп отыр.

Жалпы, ОҚО-да 2009-2016 жылдар аралығында елді мекендерді газдандыру саласына 65,0 млрд. тг. жұмсалып, 203 елді мекен газдандырылды.

ОҚО-да Бейнеу-Бозой-А қбұлақ отандық магистральды құбырдан табиғи газ алатын облыстың солтүстік-батыс бөлігіндегі 8 аудандағы 248 елді мекенді (684 304 халық) табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, 7 автоматты газ тарату станциялары мен жеткізуші газ құбырларының құрылысы жоспарланып, бүгінгі таңға 4 АГТС іске қосылды.

Бұл ретте айта кету керек, жоғарыда аталған көрсеткіштер 2016 жылдың қаңтарына дейінгі статистика. Биыл мерейлі мерейтой қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысында тағы бірнеше ауылдың көгілдір отынға қол жеткізгенін ескерсек, аталған көрсеткіштердің тағы өзгеретіні айдан анық. Бүгінде облыс елдімекендерін газдандыру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары