$ 498.34  519.72  4.85

Тәуелсіздік мерейтойын атап өтуге TIKA ұйымы да атсалыспақ

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жеткен табыстарын дүниежүзіне танытып, еліміздің атын шығаруға әрекет ететінін жеткізді. Атап айтқанда, биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай бірқатар мәдени шаралар өткізу жоспарда бар.

Бұл туралы аталған ұйымның Қазақстандағы өкілі Әли Ихсан Чаглардың Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен болған кездесуі барысында айтылды.

Басқосуда тараптар бауырлас қазақ-түрік қарым-қатынасын одан әрі жақсарту жайын талқылап, ынтымақтастық меморандумын түзу жайын әңгімеледі. Атап айтқанда, олар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет, туризм сынды түрлі салалар бойынша бірлескен жобалар жасауға уағдаласты.

Өз кезегінде, аймақ басшысы өңірімізге арнайы келген мәртебелі мейманға алғысын білдіріп, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Айта кету керек, Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің әлемнің 56 елінде филиалдары бар. Жер-жаһанның 150 елімен ынтымақтық жобаларын жасасқан TIKA ұйымы соңғы 3 жылда ынтымақтастық жұмыстары мен гуманитарлық көмектердің арқасында әлемде бірінші орынға шыққан.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бірнеше жыл бойы Қазақстанның Түркиядағы елшісі болғанын да айта кету керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары