$ 444.22  476.38  4.82

Соңғы 25 жылда Шымкенттің аумағы 10 есеге ұлғайған

Шымкент қаласының ел тәуелсіздігінің нығаюына қосқан үлесі орасан. Қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай 25 жылда жеткен жетістіктер туралы айта келе осылай деді.

Оның айтуынша, Шымкент қаласының аумағы 1991 жылы небәрі 13 мың гектарды құраған екен. Ал, бүгінде ол шамамен 10 есеге ұлғайып, 120 000 мың гектаран асып түскен.

– Егемендікті жаңа алған 1991 жылы қала аумағы 13 мың гектарды құраған болса, бүгінде 10 есеге ұлғайды. Қала халқы 400 мыңнан 900 мыңға жетті. Елдегі тұрғындардың орта жас көрсеткіші 67-ден 72-ге дейін өсті, – деді Қайрат Ырзақұлұлы.

Ал, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Сағынғали Әбубәкіров болса Шымкенттегі құрылыс нысандарына тоқталды. Оның айтуынша, өңірдегі әлеуметтік нысандар саны соңғы 25 жылда еселеп артқан.

– 25 жылда жеткен жетістіктер ауқымдылығымен ерекшеленеді. Экономиканың түрлі салалары бойынша көрсеткіштер де жыл сайын еселене түсуде. Мәселен, Тәуелсіздік жылдары ел аумағында 1300-ден астам денсаулық сақтау мекемелері пайдалануға беріліпті. Оның 347-сі Оңтүстік өңірінің үлесінде. Сондай-ақ, 1400-ден астам орта білім беретін мектеп ғимараттары салынған, – дейді Сағынғали Сандыбайұлы.

Билік өкілдері бүгінгі Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның «алтын дәуіріне» баланатынын атап өтті. Егеменді ел болып қалыптасу кезеңінде ішкі тұрақтылыққа баса мән беріліп, жаһандық кеңістікте «қазақстандық жол» ұғымы үлгі ретінде танылды. «Мәңгілік елдің» өз бағыт-бағдары айқындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары