$ 444.14  477.05  4.85

«Қазақтелеком» күзетшісі тәртіп бұзған клиентті скотчпен байлап тастаған (ВИДЕО)

Клиент ғимараттағы адамдар мен балаларға қауіп төндірген.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде «Қазақтелеком» бөлімшесінде күзеттегі екі ер адамның клиентті скотчпен орап жатқан сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Компанияның баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді.

Куәгерлердің сөзінше, С. есімді азамат мас күйінде фронт-офиске келгеннен бастап өзін дұрыс ұстамай, клиенттер мен қызметкерлерге балағат сөздер айтқан. Ғимараттағы адамдар мен балаларға қауіп төндірді. Тәртіп бұзушы қауіпсіздік қызметкерінің ауызша ескертулерін елемей, орынсыз мінез-құлықтар көрсетті. Клиенттер мен абоненттік бөлім қызметкерлерінің қауіпсіздігін сақтау мен құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу мақсатында полиция келгенге дейін оған мәжбүрлі шаралар қабылданды. Оқиғаға клиенттер де өз өмірі мен денсаулығын қауіпке тіге отырып, қатысты, - деп хабарлады "Қазақтелеком" АҚ-да. 

Компания, сондай-ақ, оқиға болған күні ғимаратта болған барлық клиенттерінен кешірім сұрады.

Біз үшін қыметтің жоғары сапасы, қызмет көрсету және клиенттердің қауіпсіздігі басты басымдық болып табылады. "Қазақтелеком" АҚ заңгерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп, жақын арада қалыптасқан жағдайға заңдық баға беруі тиіс. Компания тарапынан да қауіпсіздік шаралары күшейтілетін болады, - деп атап өтті компаниядан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары