Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматы облысында зорланған үш жасар қыз бен жеті жасар баланың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Министрдің айтуынша, қазір балалардың жағдайы орташа дәрежеде және олар медицина қызметкерлерінің бақылауында.
Бұл балаларды қабылдау кезінде біздің медицина қызметкерлері ересек балалар тарапынан зорлық-зомбылық әрекеттері жасалғанын анықтады. Балалар толық тексеріліп, қабылдау бөлімінде құқық қорғау органдарына уақтылы хабарланды. Алған жарақаттарына байланысты балаларға операция жасалды. Бүгінде олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, балалар бақылауда. Сондай-ақ оларға психологиялық көмек көрсетіледі, - деді министр.
Ажар Ғиният сонымен қатар дәрігерлер балалардың ішкі ағзалары жарақаттанғанын анықтағанын атап өтті. Министр балаларды оңалтуға қанша уақыт кететіні туралы сұраққа әр баланың жеке басына байланысты мерзім әртүрлі болуы мүмкін екенін айтты.