$ 498.51  522.84  4.81

Астанада қалалық дағдарыс орталығы ашылады

Елорда әкімдігінде Бас прокуратура мен Астана қаласы әкімдігі бірлесіп бекіткен, қаладағы жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жоспарды іске асыру барысын қарауға арналған кеңейтілген жұмыс кеңесі өтті деп жазады әкімдіктің ресми сайты.

Шараға ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов, Астана әкімі Әсет Исекешев, орталық мемлекеттік органдардың, барлық ведомстволардың және қала әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің, прокуратураның ІІД, ұлттық қауіпсіздік органдарының басшылары қатысты.

«Елорданың қауіпсіздігі және жайлылығы» жоспары елорда тұрғындары мен қонақтарының жайлы өмір сүруі үшін қауіпсіздік стандарттарын арттыру үшін әзірленді. Құжатқа 172 шара және «Қауіпсіздік» пен «Жайлылық» атты екі бөлім кіреді. Бірінші бөлімге жататындар: қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ТЖ бұзу және салдарына дайын болу, экономикалық қауіпсіздік. Екіншісіне – сервиске қанағаттану, өмір сүру сапасына қанағаттану, туристік жайлылық. Бүгінгі күні 19 тармақ толықтай орындалды, қалған 99 шара іске асырылу барысында.

Тараптар қалада қазіргі уақытта бар проблемалық мәселелердің бірқатарын талқылады, соның ішіндегі ең өзектілері – нольдік төзімділікті қамтамасыз ету, заңсыз бизнеспен айналысу, ойын-сауық орындарында тәртіп орнату, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мәдениеті мәселелері, қоғамдық көліктің жұмысын оңтайландыру, түсті металл сынықтарын ұрлау оқиғаларының көбеюі, көші-қон және қылмыстылық деңгейінің жоғарылығы. Қала басшысы тиісті министрліктер мен ведомстволар тарапынан шешім қабылдауды қажет ететін әр блок бойынша нақты ұсыныстар енгізді.

Әкімнің айтуынша, бар мәселелерді оңтайландыру және шешу үшін 2017 жылдың 1 мамырына дейін қалалық жағдаяттық орталық құрылады, ол елордалық ІІД-нің бас операциялық орталығының жұмысымен кірістіріледі. Жыл соңына дейін бүкіл қала бойынша полиция қызметкерлері және қалалық қызметтер үшін 10 мың бейнебақылау камерасы орнатылады.

Шара қорытындысы бойынша тараптар арнайы бірлескен жобалық кеңсе құру туралы уағдаласты, аталған кеңсе сарапшылардың қатысуымен және жоғарыда аталған мәселелер бойынша халықпен талқылаулар өткізу арқылы тұрақты негізде жұмыс істейтін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары