$ 498.51  522.84  4.81

Қарағанды тұрғыны анасын өлтіріп, өзі 5-қабаттан секіріп кетті

8 наурыз күні өз анасын өлтірген 33 жастағы Қарағанды тұрғыны бесінші қабаттың балконынан секіріп, ажал құшты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ер адам кома жағдайында ауруханаға жеткізілген.

«Онда жоғарыдан құлаған адамға тән жарақаттар болды. Ауруханаға жеткізу кезінде ер адам көз жұмды», - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса. Оның айтуынша, ер адам медициналық мекемеге жеткізу кезінде қайтыс болып, жан сақтау шараларын жасап үлгермеген.

Бесінші қабаттан құламас бұрын ер адам пәтерде өз анасын өлтірген. Әйелдің қатты шыққан дауысын естіген көршілер полиция шақырған екен. Бірақ пәтерге келген Михайлов бөлімінің полицейлерін марқұм әйелдің ұлы кіргізбепті. Артынша өзі балконға жүгіріп шығып, секіріп кеткен.

Қазыбек би аудандық прокуратурасы ҚР 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Біздің қызметкер қылмыс орнына барды, бірақ нақты не жағдай болғаны әлі белгісіз. Күдікті көз жұмса да, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қылмыстық іс қозғалады», - деп хабарлады аудандық прокуратура.

Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі басшысы Бақытжан Құдияровтың айтуынша, «адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары