Қоғам 13.03.2017 сағат 17:36

Батысқазақстандық полицейлер киік атып жүрген жерінен ұсталды

Батыс Қазақстан облысында киікке қырғидай тиіп жатқан броконьерлер көбейді. Табиғат қаскөйлерінің арасында тіпті тәртіп сақшылары да бар. Тек соңғы екі айда олар 40 киікті жайратқан деп хабарлады КТК телеарнасы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Табиғатты қорғау прокуратурасының айтуынша, Батыс Қазақстанның полицейлері браконьерлермен сыбайласқаны өз алдына, қызыл кітапқа енген ақбөкендерге қаруды өздері де кезенеді екен. Сол үшін бірнешеуі жауапқа да тартылыпты. Мәселен, тергеушілердің бірі тәркіленген 149 мүйізді хаттамада 49 етіп көрсеткен. 100 мүйізді сөйтіп, бас пайдасына жаратпақшы болыпты. Ал сол әрекеті үшін тек 2 жарым жылға бас бостандығы шектеліпті.

Дәурен Тәжіғалиев, Орал қалалық табиғатты қорғау прокурорының міндетін атқарушы:

- Көліктің жүк салғышында 6 мүйіз табылды. Жүргізушіден бөлек полиция қызметкерлері осы көлікпен келе жатқан екен. Осы жәйт бойынша қылмыстық іс қозғалып, жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің тергеуіне жіберілді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар