$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО ТЖД Түркістанда жүйке аурулары ауруханасының бос ғимараты өртенгенін айтты (ВИДЕО)

Кеше түнде Түркістандағы жүйке аурулары ауруханасының өртенгенін хабарлаған болатынбыз. Қызыл жалынға оранған ғимаратты куәгерлердің бірі бейнекамераға түсіріп, редакциямызға жолдаған. ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Зарипа Тұрысбекованың айтуынша, аурухананың өзі емес, мекемеге қарасты бос жатқан ғимарат өртеніпті.

Тілсіз жаудан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ дейді ресми өкіл.

"№4 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер мекемесіне қарасты бір қабатты ғимарат өртенген. Есік-терезелері ағаштан жасалған, өрттің тез күш алуына сол да себеп болған. Сондай-ақ, ғимаратта болған құрылыс материалдары өртенді. Жалпы, жалын шарпыған аумақ 200 шаршы метрді құрайды. Өртті сөндіруге 3 техника мен жеке құрамның 20 адамы жұмылдырылды", - дейді З.Тұрысбекова.

Шамамен кешкі сегіздерде басталған өрт 21:55-те толықтай сөндірілген. Аурухананың емделушілері мен жеке персоналға еш қауіп төнген жоқ дейді ТЖД өкілі.

Айта кетейік, жергілікті тұрғындар арасында "жындыхана" аталып кеткен осынау мекемеде ондаған адамның туберкулездің ашық түріне шалдыққаны жуырда ғана анықталған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео