$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде тіс дәрігерін кепілге алған қылмыскермен болған келіссөздің видеосы жарияланды (ВИДЕО)

Ақтөбеде тіс емханасына басып кіріп, қызметкерлердің бірін кепілге алған қылмыскердің өлтірілгенін бұған дейін жазған болатынбыз. 5 сағатқа созылған келіссөздер нәтижесін бермеген соң арнайы жасақ өкілдері оны атып тастаған еді. Бүгін Интернет желісінде осы келіссөз жүргізілген сәт бейнеленген видео жарияланды.

Полицейлердің мәлімдемесіне сенсек, қылмыскер өзінің ажырасқан әйелін алдыртуды талап еткен. Дәрігерді кепілге алудан 3 сағаттай уақыт бұрын ол бұрынғы енесін пышақтап, ауыр жаралағаны да белгілі болды. Тіпті, келіссөздер кезінде әйелін өлтіруге ниеттеніп жүргенін де айтқан.

"14 наурызда сағат 19.00-де Ақтөбе полициясына белгісіз ер адамның стоматология әкімшісі - 1991 жылғы азаматшаны кепілге алып, өлтіремін деп қорқытқаны жайлы хабар түсті. Ер адамның қолында пышақ болған. Полиция оқиға орнына келгеннен кейін қылмыскердің жеке басын анықтады, ол 1993 жылғы азамат, жұмыссыз, 2016 жылы ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео