$ 498.34  519.72  4.85

Қостанай облысында қар астында қалған ауыл тұрғындары көктемді қорқынышпен күтіп отыр (ВИДЕО)

Қостанай ауданына қарасты Семеновка ауылының халқы үйлерін қардан тазалап үлгере алмай жатыр деп жазады Alau.kz. Кейбір үйлер шатырына дейін қар астына батып қалған. Тұрғындар өздерінің тығырыққа тірелгенін айтып, ауылдың қазіргі келбетін бейнекамераға түсіріп жіберіпті.

Майра Молдағұл Семеновка ауылындағы Гагарин көшесінде тұрады. Оның отбасы мен көршілері күнің күрт жылынуынан қорқып отыр.

«Біздің ауыл қаладан 50 шақырым қашықтықта орналасқан. Биылғы қыс қатал болды, қар тым көп. Біздің күшіміз жеткенше өзіміз тазалап көрдік, бірақ жел қайта үйіп тастайды қарды. Тіпті, шатырға дейін жетті. Көшеге шығу үшін қардан текпешек жасап қойғанбыз», — дейді ауыл тұрғыны М.Молдағұл.

Жергілікті халықтың айтуынша, дәл мұндай қыс соңғы рет 1998 жылы болған.

«Бұрын жергілікті билік қарды өздері тазалап беретін. Мұншама көлемдегі қарды біз тазалай алмасымыз анық. Қазір енді мынаның бәрі ерісе не болатынын елестетудің өзі қиын. Бұрын мұншама көп қар жаумаған», — дейді тұрғындар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары