$ 444.32  473.33  4.76

Ақтөбеде балалардың "жұпыны дастарханы" қай балабақшада түсірілгені анықталды

Әлеуметтік желі қолданушыларын шулатқан суреттің Ақтөбе облысындағы қай балабақшада түсірілгені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақтөбе облысы бойынша мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің бас маманы Рахима Жамансарина бұл суреттің 2016 жылы Ақтөбе облысындағы балабақшада түсірілгенін айтты. Сондай-ақ, ол адамдардың бұл суретті дұрыс емес түсінбей қалғанын айтып өтті.

"Біз барлығын анықтадық. Бұл суретті дұрыс түсінбеген. Сурет былтыр Шалқар ауданындағы № 12 балабақшада Наурыз мейрамы кезінде түсірілген. Балалар дастархан басында отыр. Ата-аналар немесе тәрбиешілер оларға тамақ дайындап жатқан", - деді Жамансарина.

"Балалар шуламасын деп оларға Наурыз мейрамына орай бауырсақтан берген. Суреттен әйелдердің дастархан дайындап жатқаны көрінеді. Суреттегі ата-аналар да бізбен хабарласты. Суретті жолдап, барлығын растай алатынын айтты", - деді ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтөбедегі балабақша әкімшілігіндегілер балалардың шай ішіп жатқаны түсірілген суретке қатысты түсінік берген болатын. "Бұл балалар біздің балабақшамызда тәрбиеленіп жатқан жоқ. Біз қалалық білім бөліміне түсініктеме жаздық. Бұл біздің балабақша емес. Біздің ғимаратымыз емес. Тәрбиешілер де басқа. Сіздер осында келіп біздің топтағы балаларды көрсеңіздер болады. Таралып жатқан суреттің Ақтөбедегі 12 балабақшаға қатысы жоқ", - деген еді балабақша қызметкері. Сондай-ақ, Ақтөбе қалалық білім бөліміндегілер қазіргі уақытта қаладағы балабақшалардан суреттегі адамдарды іздестіріп жатқанын хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары